Ағымдағы жылдың 16-шы қараша күні "Мерейлі күз" атты колледжіміздің 12,22,23,31- топ студенттерінің арасында сайыс өтті, Сайыста топта өз - өздерін таныстыру, күз тақырыбында презентация жасау, эссе, өлең жолдарын шығару, кез келген қол өнерді жасау сынды тапсырмаларды орындады, Шығарашылық кештің жеңімпазы болып, 23 топ студенттері атанды. 1 орынды 12 топ, 2 орынды 22 топ, 3 орынды 31 топ студенттері алды. |
Колледжімізде қазан айының 29 жұлдызынан, қараша айының 3-не дейін, кәсіби сынақ жұмыстары жоспарланып өткізілді. 29.10.2018 Ынтымақ ЖОББМ, 30.10.2018 Атасу ЖОББМ, 31.10.2018 Көктал ЖОББМ, 01.11.2018 Ақтайлақ НМ және Бидайық ЖОББМ, 02.11.2018 Жаңаарқа негізгі мектебінен 9 сынып оқушылары келіп, колледжіміздің материалдық-техникалық базасымен және колледжіміздің ұстаздарымен тансып кетті. |
19 қазан 2018 жыл Аудандық мәдениет үйінде "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен "Мамандық таңдау болашағыңды айқындау" атты әр сала мамандырының мектептің 9 сынып оқушыларымен кездесуі өтті. Біздің колледжіміздің атынан қазақ тілі және адебиеті ұстазы Окасова Айгерим Куралтаевна қатысып, өзінің мамандығы туралы айтып берді.
|
|
04.10.2018 жылы волейболдан мұғалімдер күніне арналып өткізілген аудандық турнирде біздің колледж ұстаздары 1 орынды иеленді! Құттықтаймыз! Жеңістеріміз көп болсын! |
2018-2018 оқу жылының қыркүйек айында "Инновациялық білім беру орталығының" ұйымдастыруымен өткен Республикалық байқаудан "Білім күніне арналған үздік сценарий" номинациясы бойынша ұстазымыз Казенов Марат 1 орынды иеленді. "Үздік ғылыми жоба" номинациясы бойынша Искакова Гульден 1 орынды иеленді. "Біз білімді баламыз" атты номинациясы бойынша Мейрам Салтанат Алғыс хатпен марапатталды. Шын жүректен құттықтаймыз! |
Ағымдағы жылдың 8 жұлдызында ауданымыздың тәуелсіздік стадионында "Денсаулық күнін" атап өттік. Іс шара барысында №132 ОМ мен біздің колледждің жас мамандары арасында кішігірім спорттық жарыстар өткізілді. Оқушылар және студенттер арасында арқан тарту, узындыққа жүгіру сиякты түрлі сайыстардан жарыстар өткізілді. |
01.09.2018 ж. "1- Қыркүйек Білім күніне" арналған сапқа тұру өтті |
|
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында "WORLDSKILLS KARAGANDA", "Ауыл шаруашылығы машиналарын пайдалану" құзыреттілігі бойынша аймақтық чемпионаты өтті. Осы сайысқа қатысқан 21-топ студенті Шайхыбеков Ислам 4-орынды иеленді. Жетекшісі Игенбеков Сейдрахман Аханович Алғыс хатпен марапатталды |