Пятница
03.05.2024, 11:28
Ғалым Жарылғапов атындағы аграрлық колледжі
Приветствую Вас Гость | RSS
Главная «Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгілері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидалары» Регистрация Вход
Сайт мәзірі

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

 «Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгілері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидалары»мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2015  жылғы  « 6 » қарашадағы                № 627    бұйрығына

1-қосымша

 

 

 «Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгілері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидалары» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

1. Жалпы ережелер

 

         1. «Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгілері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидалары» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін стандарт)

         2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

         3. Мемлекеттік қызметті техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі  білім беретін оқу орындары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. 

         Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

         4. Ауысуға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

         1) көрсетілетін қызметті алушылар үшін көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап: жазғы және қысқы семестр аралығында және де кезекті емтихан сессиясына 5 күн мерзіміне жетпей;        

         Кәмелетке толмаған білім алушының ата-анасы немесе заңды өкілдері тұрғылықты мекенжайын ауыстырған жағдайда, растау құжаттарын ұсынса, оны каникул кезеңінен басқа уақытта да ауыстыруға рұқсат беріледі;

         2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;

         3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты  – 15 минут  (ҚР «Білім туралы» Заңының 6 бабының 3 тармақшасына сәйкес уақыты белгіленді, заңнамада қаралмаған).

         5. Қайта қабылдауға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

         1) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күнен бастап 2 апта аралығында;

2) Оқу ақысын төлемегені үшін семестр кезінде оқудан шығарылған ақылы негізде оқитын білім алушы төлемақы бойынша қарызын өтеген жағдайда;

оқудан шығарылған күннен бастап төрт аптаның ішінде оқуға қайта қабылданады, бұл ретте білім беру ұйымы төлемақы бойынша қарызын өтегені туралы құжатты ұсынған жағдайда үш жұмыс күні ішінде білім алушыны қайта қабылдайды.

         3) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут

         4) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты  – 15 минут  (ҚР «Білім туралы» Заңының 47 бабының 6 тармағының 3 тармақшасына сәйкес уақыты белгіленді, заңнамада қаралмаған).

         6. Мемлекеттік қызмет беру нәтижесі: қағаз жүзінде.

         7. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі кәсіптік және техникалық білім ұйымдарына ауысу және қайта қабылдау туралы бұйрық болып табылады.

         Мемлекеттік қызмет беру нәтижесі: қағаз жүзінде.

         8. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі. 

         9. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден  бастап сенбіні қоса алғанда көрсетілетін қызмет берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, сағат 13.00-ден сағат 14.30-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден сағат 18.00-ге дейін.

           Алдын ала жазылу және жеделдетіп қызмет көрсету көзделмеген.

         10. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге бір оқу нысанынан ішінде, бір тілдік бөлімнен екінші тілдік бөлімге, бір мамандықтан екінші мамандыққа, ақылы негізде оқудан мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқуға ауыстыру үшін қажетті құжаттар тізбесі:

         1)  ауыстыру туралы еркін нысандағы өтініш.

         11. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге бір оқу нысанынан екіншісіне ауыстыру үшін қажетті құжаттар тізбесі: (ҚР «Білім туралы» Заңының 47 бабының 6 тармағының 3 тармақшасына сәйкес уақыты белгіленді, заңнамада қаралмаған).

    1) ауыстыру туралы еркін нысандағы өтініш;

    2) білім беру ұйымының басшысы қол қойған сынақ кітапшасының кәшірмесін (немесе үлгерім кітапшасы). 

         12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге қайта қабылдау үшін қажетті құжаттар тізбесі (ҚР «Білім туралы» Заңының 47 бабының 6 тармағының 3 тармақшасына сәйкес уақыты белгіленді, заңнамада қаралмаған):

1) қайта қабылдау туралы еркін нысандағы өтініш;

2) академиялық анықтама.

Оқу ақысын төлемегені үшін семестр кезінде оқудан шығарылған ақылы негізде оқитын білім алушы төлемақы бойынша қарызын өтеген жағдайда қайта қабылданады:

оқудан шығарылған күннен бастап төрт аптаның ішінде оқуға қайта қабылданады, бұл ретте білім беру ұйымы төлемақы бойынша қарызын өтегені туралы құжатты ұсынған жағдайда үш жұмыс күні ішінде білім алушыны қайта қабылдайды.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің  және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

  13. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде шағым жазбаша түрде:

 осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Министрлік басшысының не оны алмастыратын адамның атына;

 осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, сондай-ақ республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – ЖАО) басшысының атына беріледі.

         Шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. 

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің Министрліктің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау  және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау  және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. 

14. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

     4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің  ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

15. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында:

1) 01000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8

телефон: +7 (7172)742-425

e-mail: pressa@edu.gov.kz.

2) мемлекеттік қызмет көрсету стандартына 2-қосымшада көрсетілген тізімге сәйкес ЖАО-ның интернет-ресурстарында орналастырылған.

16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметі, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

17. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама  қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.edu.gov.kz. интернет-ресурсында орналастырылған, Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

 

Кіру формасы

Іздеу

Календарь
«  Май 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

Ауа райы
0 0 0.0

Жазба мұрағаты

Сайттағы достар
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Copyright pl12 © 2024