Пятница
03.05.2024, 11:58
Ғалым Жарылғапов атындағы аграрлық колледжі
Приветствую Вас Гость | RSS
Главная Тарихы Регистрация Вход
Сайт мәзірі

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

           

Ғалым Жарылғапов атындағы Жаңаарқа аграрлық колледжі 1960 жылы 3 наурызда Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің қаулысымен Жаңаарқа орталығы Атасу кентінде №178 ауылшаруашылығын механикаландыру училищесі болып құрылған болатын. Училищеге аудандық машина жөндеу станциясынан екі шеберханасы, 2 ДТ54 тракторы, 1 тіркемелі СК6 комбайнымен, 1ГАЗ51 автомашинасы бөлініп берілген болатын.


№178 Селолық кәсіптік-техникалық училище 1973 жылы Жезқазған облысы құрылуына байланысты №12 кәсіптік-техникалық училище болып құрылды.

1979 жылы ҚазақССР кәсіптік-техникалық білім беру Мемлекеттік комитетінің шешімімен училище орта кәсіптік-техникалық училище болып қайта құрылып, оқушыларға мамандықпен қоса орта білім бере бастады. 1980 жылы қазан айында үш қабатты оқу корпусы 720 оқушыларға арналған, жабдықталған оқу кабинеттері бар ғимарат салынып пайдалануға берілді.

1980 жылы жас ұрпақты тәрбиелеумен оқытудағы жемісті зор еңбегі үшін училищеге «Қазақстан Ленин Комсомолы» сыйлығының лауреаты құрметті атағы берілді.

1980 жылы бүкіл одақтық социалистік жарыс қорытындысы бойынша Селолық кәсіптік-техникалық училищелер арасынан жеңімпаз ретінде танып училищеге "Бүкілодақтық орталық кәсіподақтар одағы кеңесі" сыйлығының лауреаты атағымен қоса диплом берілді.

Училище құрылған 1960 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін 20 мыңнан астам жас жігіттер мен қыздар училище қабырғасынан әртүрлі мамандықтарды игеріп өмірге жолдама алды.

1996 жылы ақпан айында ауданымыздағы үш оқу орны, атап айтқанда бұрынғы №12 кәсіптік-техникалық училище, мектепаралық оқу-өндірістік комбинаты және спорт мектебі біріктіріліп №12 Ғалым Жарылғапов атындағы кәсіптік-техникалық мектеп болып қайта құрылды.

2010 жылдың қаңтар айында Қарағанды облысы әкімінің қаулысымен Ғалым Жарылғапов атындағы №12 кәсіптік-мектеп  кәсіптік-лицей болып өзгертілді.

2013 жылдың мамыр айынан бастап,  

Ғалым Жарылғапов атындағы аграрлық колледжі болып өзгертілді.


Кіру формасы

Іздеу

Календарь
«  Май 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

Ауа райы
0 0 0.0

Жазба мұрағаты

Сайттағы достар
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Copyright pl12 © 2024