Аудандық прокуратура өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуге қатысқандар: Әділханов Асылхан Қапиятұлы - Жаңаарқа ауданының прокуроры, Әділет кеңесшісі; Омарова Динара Қожахметқызы - Жаңаарқа прокуратурасының прокуроры; Кәмелет жасқа толмағандар бойынша инспектор. Кездесу барысында Кәмелет жасқа толмағандардың конституциялық құқықтары және де әкімшілік құқықбұзушылық, жергілікті полициядағы ішкі есепке қандай жағдайда алынатындығы туралы мағлұмат берілді. Құқық қауіпсіздігі және статистикасы орталығы туралы айтылды.